Семейде жылыту маусымы басталды

Әкімшілік қызметкердерінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін қалада 1ші және 2-ші ЖЭС мен зооветеринарлық институтының қазандығы іске қосылған. 35 кварталдағы 10 үй мен 3-ші перзентхана жылуға қосылды. "Күннің екінші жартысында орталық және 103-ші қазандықты іске қосу жоспарлануда",- деп түсіндірді қалалық әкімшіліктегілер.

"Қазіргі уақытта барлық күш ең бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды - ауруханалар мен мектептерді жылумен қамтамасыз етуге жұмылдырылады",- деп атап өтті қаалық әкімшіліктегілер.

Бұрын хабарлағандай, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов 28-қазанда жылыту мәселесіне дайындық мәселесі жөнінде жиналыс өткізіп, коммуналдық қызметтерге жаппай Семейді жылуға дер кезінде қосуды тапсырған. "Мен ахуалды күн сайын бақылауыма аламын",- деді әкім.

Жиналыс барысында Ж. Кәрібжанов сондай-ақ, жылудың тарифі өскен жағдайда облыс әкімі тұрмысы төмен отбасыларын назардан тыс қалдырмайтындығын хабарлаған болатын. "Егер олардың коммуналдық қызмет көрсету шығындары отбасылық кірістің 30 пайызынан артық болса, онда бұл адамдарға облыстық бюджеттен жәрдемақы төленетін болады. Сондықтан да көп алаңдаушылыққа негіз жоқ",- деп сендірді Ж. Кәрібжанов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті