Семейдегі көп қабатты 14 үйдің тұрғындары осымен алтыншы күн сусыз отыр

Оның айтуынша, "Шығысэнерготрейд" энергетикалық компаниясы "Семейводоканал" кәсіпорнына электр қуатын шектеулі көлемде беруге шешім қабылдауына байланысты. Соның салдарынан көп қабатты үйлерді сумен қамтамасыз етуші 7 су айдағыш жарықсыз қалған. Сөйтіп, қазіргі жағдаймен қала орталығындағы көп қабатты 14 үй алты күннен бері сусыз отыр.

"Шығысэнерготрейд" ЖШС-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания "Семейводоканал" ҚКК-ына энергетиктер алдындағы берешегіне байланысты тоқ жібермей тастаған. Қазіргі жағдаймен берешек көлемі 74,844 млн теңгеге жеткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті