Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет құрамынан педагогикалық институт бөлініп шықты

"Жаңа педагогикалық институт құрудағы мақсат- педагогикалық білім сапасын арттыру мен мұғалімдердің беделін көтеру, бұл реформа білім берудің жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында іске асырылуда". Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Геннадий Гамарник Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушыларымен болған кездесуінде мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, Тараз, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Семей қалаларында педагогикалық институттар құрудағы мақсат - 12 жылдық білім беру жүйесіне дайын болу. Шәкәрім атындағы университет ректоры Ерлан Сыдықовтың пікірінше, жаңа институт құруға оқу құралдары, жаңа оқу ғимараты мен жатақханалар қажет. Бұл мәселелер алдағы уақытта жолға қойылып, шешімін табуы тиіс. Семей педагогикалық институты өз студенттерін жаңа оқу жылынан бастап қабылдайтын болады.