Оның айтуынша, оқиға қыркүйектің 14-інен 15-іне қараған түні болған.
Оқиғаға қатысты бұдан өзге қосымша ақпараттар алу KZ-today агенттігіне әзірге мүмкін болмай отыр. Семейдегі түзету мекемелеріндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуратурасындағылар қазір бұл дерек бойынша комиссия жұмыс істеуде, тергеу жүргізіліп жатыр дегенді алға тартып, қандайбір түсініктеме беруден бас тартты. Оқиға болған тергеу абақтысының кезекші бөліміндегілер қазір бұл жабық ақпаратқа жатады деп мәлімдеді. Семей қалалық ІІБ-ның тергеу бөліміндегілер де бөлім бастығының жоқтығын сылтауратып оқиғаға қатысты түсініктеме бергісі келмеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті