Қазіргі сәтте кәсіпорын шикізат жеткізушілермен келіссөздер жүргізіп жатыр, сондай-ақ өңірдегі барлық мал өсіру шаруашылықтарымен және қасапханалармен ұзақмерзімді әріптестік орнату қарастырылуда. «Ұзақжылдық банк құрылымдарымен болған қиындықтардан кейін кәсіпорын өз ісінің дұрыс екендігін дәлелдеді. Енді толыққанды жұмысқа кірісе алады. Қазіргі сәтте комбинат небары 20 пайыздық қуатпен жұмыс істеп тұр. 2015 жылға қарай нысан 100 пайыз күшіне енбек, яғни күніне 34 тонна тері өңделмек», дейді ЖШС директоры Жұмағазы Рахымғалиев.
Оның айтуынша, кәсіпорынның өнімі толықтай экспортқа негізделген. Бұл жерде өңделген терілер Қытай, Индия және Италияда үлкен сұранысқа ие.
Кәсіпорын аталған елдер мен шикізатты жеткізушілермен ұзақмерзімді келісімдер жасасқан. «Жақын болашақта комбинат ЩҚО-да сойылған малдардың, соның ішінде қой, жылқы терілерін алуды көздеп отыр. Жылқы терісі әскери аяқ киім тігуге жұмсалады, ал қой терісінен тон, шуба тігіледі», - дейді мекеме басшысы.
Кәсіпорын толық қуатпен жұмыс жасайтын болса, 40 мыңға жуық тері өңдеу саласына қатысты мамандарды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Олардың ішіне етікшілер, тері тігіншілері, дизайнерлер сынды мамандар кіреді.