Оның айтуынша, ауруханаға полиция қызметін тартуға қаржы тапшылығы мүмкіндік бермейді. Жалпы, Семейдегі туберкулез диспансерінде күрделі эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр. 225 жатын орынға есептелген ауруханада бүгінгі күні 445 адам емделіп жатыр.
Орынның жетіспеушілігіне байланысты бір палатаның өзіне 13-15 адамнан келеді. М.Әділғожиннің айтуынша, облыстық бюджеттен 2003 жылға бөлінген 157 млн. теңге науқастарды дәрімен толық қамтамасыз етуге, қажетті деңгейде тамақтандыруға жетпейді. Әр сырқат тамағы үшін 1 күнге 200 теңге бөлінеді. Жергілікті фтизиатрлардың айтуынша бұл қаржы өкпе құртына шалдыққандарды тамақтандыруға аздық етеді.
Тағы бір мәселе, диспансердегі медициналық жабдықтар жаңартылмаған. Сол себепті 30 жылдан артық қолданыстағы флюрографиялық, микроскопиялық аппараттар тозып кеткен. Диспансер басшылығы емдеу мекемесінде қалыптаскан күрделі жағдайды жоғарыдағы билік орындарына жеткізуге тырысқанмен аталған мәселелелер басы ашық күйінде қалып келеді.