Семейдегі ұн комбинатында болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Іс еңбек қорғау тәртібін бұзу бабы бойынша қозғалды. Іс әзірге нақты тұлғалардың үстінен емес, тек жарылыс фактісі бойынша қозғалып отыр. Қазір сараптама жүргізіп жатырмыз, төтенше жағдайға кінәлі кісілер соның нәтижесі бойынша анықталады», - деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Жауапты тұлғалардың айып деңгейі нақтыланғаннан кейін зардап шеккендерге өтемақы төленеді.

Бұрын хабарланғандай, «Ұн тарту-қоспажем комбинаты» АҚ бункерінде жарылыс болған-ды. Салдарынан алты адам жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Оның төртеуі жан сақтау бөлімінде жатыр.