Семейдегі ұн тарту комбинатында сылақшы мерт болды

«Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ-ның 60 жастағы сылақшы әктеу жұмыстарын жүргізіп жүріп, ағаш сатыны жылжытпақ болған кезде 6-қабаттан құлап түсті. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігі жеткенше көз жұмды.

Оқиға орнына қалалық ТЖ басқармасының мамандары, полиция және дәрігерлер шықты. Марқұмның женесі Семей қаласының мәйітханасына жеткізілді.