Семейдегі ұнтарту-қоспажем комбинатында болған жарылыстың себебі анықтады

деп хабарлады ТЖ жөніндегі облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Учаске жетекшісінің рұқсаты бойынша газ-электрмен дәнекерлеушінің металл қорапқа дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу үшін бункерге түскені анықталды. Дәнекерлеу жұмыстары кезінде шаң-тозаң қоспасы бұрқ ете қалған, делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Комиссия «элеватор ғимараттарында болған шаң-тозаң қоспасы мен технологиялық шаң жарылысының қайғылы жағдайға душар еткен қауіпті өндірістік фактор екенін айғақтады".

14 мамырда «Шығыс Қазақстан ұнтарту-қоспажем комбинаты " АҚ бункерінде жарылыс болып, нәтижесінде алты адам күйік пен жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, олардың біреуінің ауруханада көз жұмғаны белгілі. Жарылыс фактісіне орай 152 бап бойынша (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.