Бүгінгі таңда зардап шеккен 8 адамнан денелерін күйік шалған және сүйектері сынған 6 адам ауруханада қалып отыр. Соның ішінде төртеуінің жағдайлары ауыр, тағы екі адамның жағдайы аса ауыр. Тағы екі зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді және олар амбулаторлық ем қабылдауға босатылды.
Айта кетейік, қазір комбинатта болған жарылыс зардаптарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте облыстық комиссия зардап шеккендердің отбасыларына барып, оларға қажетті барлық материалдық көмек көрсетілетінін және емге қажетті шығынның өтелетінін жеткізді.
Семейдің ТЖБ ақпараты бойынша, өрт-техникалық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша шаралар қолға алынады.
Еске сала кетейік, 14 мамыр күні «Ұн тарту-құрама жем комбинаты» АҚ-ның бункерінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде элеватордың мал азығын сүрейтін төртінші қабатында жарылыс болып, 8 адам зардап шеккен..