Семейдегі жер үйлерді су басып жатыр

Арықтармен аққан су арнасынан шығып, қатып қалған. Енді жұрт ауладағы қора қопсыға кіре алмай дал. Қысқа қамдаған азық та жарамсыз болыпты. Мұндағы тұрғындар да барлығына жаңадан салынған аурухананы кінәлауда. Айтуларынша, емдеу мекемесі маңында ара-тұра жерасты сулары көтеріліп тұрады. Оны ауруханадағылар тұрғын үйлерге қарай ағызады дейді жұрт. Сондықтан арна толып, аулаларға беттейді. Ал мекеме басшылығы біз ешқандай су жіберіп жатқан жоқпыз деп азар да безер. Қалдық сулар кәріз жүйесіне кетеді екен. Алайда тұрғындардың бұған сенбейді.

Ярослав Курбатов, Семей қаласының тұрғыны:

-Осымен екінші рет суды жіберді. Ауладағы мұздың қалыңдығы шамамен 1 метрге бір-ақ өсті! Сірескен мұздан моншамды аша алмай тұрмын. Бұлай жалғасса, үй де құлайды ғой. Оны бізге ешкім өтемейді сосын. 

Loading...