Әкімнің шешімімен "Семейсуқұбыры" қалалық коммуналдық кәсіпорынының басшысы болып бұрын осы салада қызмет еткен Жанарбек Әмірханов тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, "Семейсуқұбыры" қалалық коммуналдық кәсіпорынының бұрынғы директорының лауазымына сай еместігі туралы мәселе осы жылдың шілдесінде қойылған болатын. Мұндай қатаң шараға сумен қамтамасыз етудегі кезекті түйткілдер дерегі себеп болған. ""Семейсуқұбыры" мекемесінің көптен бергі қарыздары үшін "Шығысэнерготрейд" бірнеше насосты станцияларды үзіп тастаған, осының салдарынан 20-дан астам көп қабатты үйлер екі аптаға жуық сусыз қалған.
Бұл проблема тек облыс әкімінің араласуымен ғана өз шешімін тапқан болатын.