Семейдің бас имамы қаланың орталық мешітінің астында үлкен кітапхана бар деп санайды және де оны қазуға рұқсат сұрап отыр



Бас имамның айтуынша, Семейдің қос мұнаралы мешіті татар көпестерінің қаржысымен 100 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Бірақ кеңес үкіметі кезінде мешіт жабылып қалған, сол кезде онда молданың үйі мен мешітті жалғайтын жасырын жер асты жолы салынған. "Көпті көрген қариялардың айтуынша, бұл аңыз емес және жер асты жолы шынымен де бар. Сонымен қатар, онда молданың діни кітаптарының кітапханасы бар және мен олардың сақталғандығына сенімдімін",- деп атап көрсетті Тыныштық-қажы Яхияұлы. Оның айтуынша, жер асты жолы шамамен бес метр тереңдікте, ал оның ұзындығы 50 метрден асып жығылады.

"Қазіргі уақытта мен бізге мешіт аумағында қазба жұмыстарын бастауға рұқсат алу үшін әртүрлі құжаттарды дайындап жатырмын. Мен әзірге тек Астананың археологтарына ғана хат жолдадым. Бізге рұқсат берсе, шамамен келесі жылы біз іздеу жұмыстарын бастаймыз",- деп хабарлады Тыныштық-қажы Яхияұлы. Оның айтуынша, ол сондай-ақ ескі мешіттің тарихын толық зерделеу үшін жергілікті археологтар мен өлке танушылардың көмегіне жүгінбек.

Сонымен қатар, қазір Семейдің орталық мешіті қайта жөндеу үстінде. Оны "Мәдени мұрасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуге 27 млн теңге бөлінген. "Мешіттің барлық терезелері мен есіктерін, су және жылу құбырларын толық ауыстырады, жөндеу жұмістар қазан айында аяқталады деген үміттеміз",- деп хабарлады Тыныштық-қажы Яхияұлы.