"Бүгінгі таңда жарнамалауға тыйым салынған өнімдерді көрсетіп отырған жарнаманы реттеуге ықпал етуді өтінген бірқатар діни және қоғамдық ұйымдардан қалалық мәслихат хатшысының атына хат келіп түсті", - депхабарлады баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, хат авторлары алкогольдік өнімнің тиісті емес жарнамасын шығару кезіндегі қазіргі заңнаманың жиі бұзылуына алаңдаушылық білдірген.
"Оқу орындары, тарихи орындар, сәулет және тарихи ескерткіштерге жақын жерлерде көптеген дүкендер алкогольдік және темекі өнімдерін саудалайды", - деп көрсетілген хатта.
"Шағым жасаушылар алкогольді өнімдерге толы билбордтарға қатысты үзілді-кесілді қарсы шыққан. Олар бұл жарнаманың орынында, мәселен, балалар күн сайын құндылықтарды көріп, мақтан тұтатын ел байлығы туралы әңгімелейтін басқа мазмұндағы ақпарат тұруы керек деп есептейді", - деді баспасөз қызметіндегілер. Аталмыш проблемаға назар аудару туралы өтініш тілек барлық құзырлы органдарға жіберілген. Алайда ешқайсысынан жауап алынбаған.
Қалалық мәслихат ақпаратына сүйенсек, діни және қоғамдық ұйымдардың бірлескен ұжымдық мәлімдемесі Семей қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінде қолдау тапқан. "Аталмыш мәселеге орай комиссия құрылады. Ол комиссия жарнама мазмұнының сәйкестігін қарастырады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.