Семейдің кеденшілері Бішкек - Новокузнец бағытындағы жолаушылар поездінен 4 кг астам есірткі тапты

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ауыл станциясында Теміржол кедендік постының қызметкерлері Бішкек – Новокузнец бағытындағы № 348 жолаушылар поездін тексеру барысында жолсерігі Қырғызстанның азаматы болып табылатын № 1 вагон терезесінің астындағы қаптаманың астынан өзіндік ерекше иісі бар зат оралған 5 орама тапқан.

“Қызметтік іздеу иті одан әрі іздеу барысында дәретхананың ішінен арнайы жабдықталған жасырын жерден тағы бір орама тапқан”,- деп түсіндірді кеденшілер.

“Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат есірткі болып табылады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4 кг асып жығылады”,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті