Оның сөздері бойынша ШҚО экономикалық кеңесі "Өндіріс" индустриялық аумағында бес инвестициялық жобаны жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдады. Олардың қатарында, "Көкөністер шығаратын жылыжайлар құрылысы", "Құрылыс материалдарын шығару","Қабырға пеноблоктары мен витофирден қаптау материалдарын шығару өндірісі" және " Жиһаздар жасау өндірісі" бар.
Бұл өндірістердің бір бөлігі биылғы жылы іске қосылатын болады, деп сендірді А.Бұтабаев.
Ол сондай-ақ хабарлағанындай, бүгінгі кезде "Натрий цианидін шығаратын зауыт құрылысын салу" және "Полихлорвинил өнімдерін өндіру жөніндегі зауыт құрылысын салу" сияқты тағы да екі жоба қарастырылуда.
Семейдегі индустриялық зонаның құрылысы батыс өндіріс торабы аумағында жүргізілуде. Құрылыстар үшін бөлінген жер көлемі 85 гектар болса, зона құрылысына бөлінетін қаржы мөлшері 267,9 млн теңгені құрайды.
А. Бұтабаевтың айтуынша, "Өндіріс" индустриялық зонасына қуаты 5 мегаваттық электр желілері, су құбыры, канализация және телефон желілері тартылды. Әкімшілік-тұрмыстық корпустың құрылысы салынуда. Зона 3.2 шақырымға созылған темір бетонды дуалмен қоршалған.
Шығыс Қазақстан облысында осындай индустриялық сегіз зона құрылады. Оның үшеуі Өскеменде, біреуі Семейде, төртеуі Жезкент, Ұба, Майқапшағай, Бақты шекара өткелінде орналасады.