"Олардың екеуі Семейде орналасқан - бұлар техникалық қызмет көрсету станциясы мен геологиялық барлаумен айналысатын кәсіпорын. Үшіншісі Курчатовта орналасқан - бұл сауда нысаны болып табылады. Олардың экологиялық сараптамадан өтуі туралы құжаттары жоқ",- деді В. Тюрин.
Сондай-ақ, В. Тюриннің айтуынша, тазалау ғимаратына байланысты "Семейводоканал" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен ластайтын заттарды шектен тыс шығаратын және қалдықтарды өз бетімен тастаған "Гордорстрой" кәсіпорыны Семей өңірі бойынша негізгі заң бұзушылар болып табылады. Кәсіпорындардан қоршаған ортаны ластағаны үшін келген шығынның орнын толтыру талап етілген.
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы мекеме мамандары табиғатты қорғау заңының орындалуына 243 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 304 заң бұзушылық анықталып, 246 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Сондай-ақ, табиғатты пайдаланушы кәсіпкерлерге қоршаған ортаға әкелген шығындары үшін 4,5 млн теңгеге көлемінде айыппұл салынған.