Бүгін Семейде қар жауып, кеше жауған жаңбыр мен күннің күрт суытуына байланысты (минус 10 градусқа дейін) қалада қатты көктайғақ орнаған. Осыған байланысты қала жолдарында көлік қозғалысы қиындап отыр. "Біз жол полицейлерін ең қауіпті учаскелерге қойып, жолдарды тазалаумен айналыстан қаланың барлық кәсіпорындарына қоңырау шалдық",- деді С. Жұманов.
Қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорындар шұғыл түрде жолдар мен қала аралық тас жолдарға құм себумен айналысуда. "Қуанышқа орай, әзірге қалада үлкен көлік апаттары тіркелген жоқ",- деп хабарлады С. Жұманов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті