Семейдің "Жылукоммунэнегро" МКК тұтынушыларға жаз маусымында ыстық судың үздіксіз берілетіндігіне уәде бермейді

Оның айтуынша, ауқымды жөндеу жұмыстары мен қалалық жылу көздерін жаңартуға байланысты ыстық су беру тұрақсыз болады. Семейдегі жылу беру маусымы 12-сәуірде аяқталған, және де қазіргі уақытта бірнеше қазандықтар тұтынушыларға ыстық су берудін тоқтатты. "Бұл ыстық су беру технологиясында қарастырылмаған қазандықтар, яғни ыстық су жылу беруден жеке берілмейді",- деп түсіндірді С. Корпачев.

Одан әрі ыстық су кесте бойынша үзілетін болады. Жөндеу жұмыстары бастылып та кетті, деп хабарлады С. Корпачев. Оның ақпараттарына сүйенсек, үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 2,1 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының экономика департаменті үкіметке қосымша 3,6 млрд теңге бөлу туралы ұсыныс жасамақ. "Негізгі ақшаны (2,1 млрд теңге) жоспарланған бірқатар ірі қазандықтарды жаңартуға, ал қосымша қаржыны (3,6 млрд теңге) жөндеу жұмыстарының көлемін кеңейтуге, құрал-жабдықтар сатып алуға және 3-ЖЭО құрылысының техника-экономикалық негіздемесін дайындап бітіруге жұмсамақпыз",- деп түсіндірді С. Корпачев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті