Жапониялық мамандар Семейде қалқанша бездің қатерлі ісігіне шалдыққан он науқасқа операция жасады. Олар қалпына келтіру терапиясын қолданды. Соның нәтижесінде науқастардың дауыстары қалпына келуге тиіс.
Бұған дейін Қазақстанда қалқанша бездің қатерлі ісігін емдеудің осындай тәжірибесі қолданылып көрмеген.