Оның айтуынша, кеше 9-тамызда 13 сағат 30 минутта судан құтқару қызметіне биіктігі 35 метрлік жаңа көпірден бір әйел секіріп кетті деген ақпарат келіп түскен. Құтқарушылар бес минуттан кейін оқиға орнына келіп жетті. 13 сағат 40 минутта әйел жағалауға шығарып алынды.
Артынан белгілі болғанындай, 38 жастағы, 2 баласы бар Семей тұрғыны туыстарымен жаңжалдасып қалу салдарынан өмірмен қош айтысуға бел буып, көпірден секіріп кеткен.
Көп жері сынған әйел жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ол қазір әл үстінде.