Семейлік әйел үш жасар баласын 5-қабаттан лақтырып жіберді


"Бала жамбас сүйегінің ашық сынуы және тағы да көптеген жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сол уақытта оның жағдайы тым ауыр болды", - деп түсіндірді ауруханадағылар. 

Куәгерлер мен көршілер дәрігерлерге баланы бесінші қабаттан өз шешесі лақтырып жібергенін айтқан. Қазіргі уақытта 36 жастағы әйел психикалық аурулар орталығында, ол осында есепте тұрады екен.