Бұл шараны студенттер бастап, өзге тұрғындар да қостап кетті. Баллондағы бояу оңай жуылатындықтан қатысушылар көліктерінің терезесіне дейін безендіріп әлек. Темір тұлпарларға «Жеңіске – 70 жыл», «Т-34» сияқты сөздер жазылды. Ұйымдастырушылар осылайша қалалықтарға тағы бір мәрте үлкен мерекенің жақындап келе жатқанын еске салмақ болдық дейді. Ең алғаш болып сыры кеппеген көліктермен Семей көшелерін соғыс және тыл ардагерлері аралады.
Loading...