63 жастағы Күлпан Түсіпова бақша дақылдарын биыл әдеттегіден кеш егіпті. Соған қарамастан қызылшасы бітік шыққан. Өсірілген көкөністің ең кішкентайы 2 келідей. Қызылшаны өсіруде ешқандай өзгеше тәсіл, не тыңайтқыш қолданған жоқпын,- деп ағынан жарылады кейуана. Тек күнделікті суарып қана отырған екен. Енді қыс бойы қызылшадан тапшылық болмайтынына қуанады зейнеткер.