Семейлік кеденшілер 2 млн. теңгенің зергерлік бұйымдарын шекарадан алып өтуге жасалған контрабандалық әрекетке тосқауыл қойды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ауыл" бекетінде Новосибирск -Алматы бағытындағы 301 отарбаның жолаушыларының жүгін тексерген кезде "Железнодорожный" кеден бекетінің қызметкерлері вагондардың бірінен алтын мен күмістен Ресейде жасалған 182 дана зергерлік бұйымдарды контрабандалық жолмен алып өтуге жасалған әрекетті әшкереледі. Сөмкеге салынған тауарды Қазақстан азаматы жастықтың астына жасырып өтпек болған.

Сараптама қорытындысы көрсеткендей, зергерлік бұйымдардың нарықтағы жалпы құны 2 млн. 102 мың 226 теңгені құрайды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "экономикалық контрабанда жөніндегі" 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.