Семейлік кеденшілер Ресейге 1 млн теңгенің тауарларын контрабандалық жолмен алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тарское ауылының маңында "Ауыл" кеден бекетінде Қазақстанның кедендік шекарасында рейд шаралары кезінде "УАЗ-3962" көлігі ұсталды. "Ресейдің Алтай аймағы Рубцовск қаласында тұратын 28 жастағы Ресей азаматы айдаған көлік Қазақстаннан Ресейге кедендіке және шекаралық бақылауды айналып өтіп бет алған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Көлікті тексеру барысында оның ішінен 4813 дана күнделікті тұтыным тауарлары , киім-кешектер шықты.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген тауардың нарықтық құны 1 391 604 теңге болды.

Бұл дерек бойынша "Семей" кеден бекетінің контрабандамен күрес бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы, 3 тармағы "Қылмыс жасауға әрекеттену" және 209- бабының 1 тармағы "Экономикалық контрабанда" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті