«Қазақстан ҒА Зоология институтының сарапшылары табылған заттардың гиппарион жылқысының жақ сүйегінің қалдықтары екенін растады», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне «Прииртышье» қоғамының мүшесі Павел Жуков мәлім етті.
Қазір бір кезде Ертіс алқабын мекендеген гиппарионның жақ сүйегі қалпына келтіріліп жатыр.
«Жазда Алматыдан арнайы экспедиция келіп, сол маңайды зерттейді деп үміттенеміз», - деді П.Жуков.
Гиппарион (Hipparion) – үш саусақты жылқының бір түрі. Жоғарғы миоценнен плиоценге дейін тіршілік еткен, құрып біткен жануар.