Семейлік мүсінші әкімнен 5 млн теңгесін қайтара алмай жүр

Архат Оразғалиев, мүсінші:

-Бердібек Сапарбаевпен кездесу болғанда айтқам, мына кісі менің ақшамды төлемей жүр деп! Мына кісілер маған микрофонды да бергісі келмеді! Береміз деді! Екі жыл болды, қайда берем деген ақшасы!? 1 млн деді, оған да келістім, қалғаны садақа деп! Не даган масқара мынау!

Халықаралық жиынға екі ай қалғанда Семей қаласының әкімі Архат Оразғалиевтің үйіне келіп, бірнеше мүсін жасап беруді өтінген. Уақыт қысқандықтан келісім жасауға қол тимепті. Кейін, мүсінші еңбегін 5 млн теңгеге бағалағанымен, онысын әлі ала алмай жүр. Ол аздай, түн ортасында көшеде тұрған торсық, домбыра мен қобыз мүсіндері ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. Архат Оразғалиев бұны әкімнен көріп отыр. Қазір қала басшысының қарызына қатысты іс жоғары сотқа дейін жеткен. Енді туындыларынан көз жазып қалған шебер Елбасының өзінен араша сұрамақшы. Бүгін арнайы ұйымдастырылған баспасөз маслихатына қаланың бас архитекторын шақырған. Бірақ, оның орнына қала әкімінің хатшысы келді. Бастығын қорғаштап әлек болған ол мүсіндердің қайда кеткенін ашып айта алмады.


 - Әкім екеуің тасты қашап көріңдерші! Қандай еңбек екенін?

- Әр адамның өзіне тән еңбегі бар!