Әйелдер арасында маскүнемдіктің белең алу себептерін нарколог-дәрігерлер әлеуметтік проблемалармен байланыстарады. "Отбасындағы кикілжіңдер, жұмыссыздық пен тұрмыстағы тауқыметтердің бәрі әсер етуде. Біздің байқауымызша, кейінгі кездері осынау жағымсыз әдетке көбінесе "қанжыға саудамен" шұғылданатындар жиі бой алдыратын болды. Ұзаққа созылған сапарлар, аяз бен аптапта далада торығу, мардымсыз жалақы- осының бәрі кері әсерін тигізуде",- деді П.Брыжахин.
Оның айтуынша, кейінгі кездері диспансерге емделуге келген әйелдер саны көбейді. "Бұрығыдай ұялу деген қалып барады. Әйелдер диспансерге келіп көптеп көмек сұрайтын болды. Күн сайын күндізгі стационарда 15-20 адам емделеді",- деді директор. Әйелдер ақысыз әрі жасырын емделуде.
П.Брыжахиннің айтуынша, диспансерде қазір тіркеуде тұрған 12 мың адамның 2,5 мыңы - әйелдер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті