Басылымның ақпаратынша, жас әнші Игорь Крутойдың продюссерлік орталығымен келісімшартқа қол қойып, $1000 тұратын кәсіби микрофонға ие болды.
Еске сала кетейік, қатаң іріктеуден кейін шығармашылық псевдонимі Ванесса Мария болып табылатын жас орындаушы Қырымдағы конкурста бағын сынаған Қазақстанның жалғыз өкілі болды. Семейлік оқушы Артектің алып сахнасында жеті мың көрерменнің алдында алғаш рет өнер көрсетті. «Ол әлемнің түрлі елдерінен келген үздік вокалистермен сайысқа түсті. Бірақ Ванесса жеңімпаздар үштігіне кірмесе де, олардың арасынан да ерекше көріне білді», - делінген ақпаратта.
Ванесса «Балалардың жаңа толқыны» байқауына келесі жылы да барады. Бірақ ол жолы құрметті қонақ ретінде қатысады. Ол әйгілі жұлдызбен бір дуэтте ән орындайды, делінген ақпаратта.
Ал байқауда Андраник Алексанян (Украина), Ивайло Филиппов (Болгария), Никита Лучко (Украина) атанды.