Семейлік оқушылардың үштен бірінің денсаулығы дімкәс

Кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында жүргізілген профилактикалық медициналық тексерулер осы жылдың қаңтар айында басталған. Балаларды педиатр, терапевт, оташы, жүйке аурулар дәрігері, көз және тіс дәрігерлері қарады. Әр тексеруден кейін әр оқушыға жеке статистикалық мәліметтер қартасы толтырылды.

Бүгінгі таңда 79 мың оқушының 82% тексеруден өтсе, 20 мың оқушыдан түрлі ауру табылған. Әсіресе балалар арасында сколиоз, көздің нашар көруі, жүйке аурулары, тыныс жолдарының сырқаты және қан аздығы аурулары көп тараған. 12 мың оқушы диспансерлік есепке алынды.

А.Қайдарованың айтуынша, бұл медициналық тексерулер аурудың алдын алу, емдеу, мүгедектікке жол бермеу мақсатында жүргізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті