Семейлік тәртіп сақшылары алматылық азаматтан 18 килограмм марихуана тәркіледі

Тәртіп сақшысының ақпаратына сәйкес, есірткі тасушы Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылындағы бір үйде ұсталды. "Ол келген үйдің құс қорасынан үлкен үш қорап табылып, одан 18 килограмм марихуана шықты",- деді ақпарат көзі.

29 жастағы жігіт Семей өңірінде туған, бірақ қазір Алматыда тұрады. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "есірткілік заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату жөніндегі" 259-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті