Семейлік жастар автошеруге шықты

Мемлекеттік рәміздер ілінген жеңіл көліктерді тізгіндеген жастар Семейдің орталық көшелерімен жүріп өтті. Шараға жалпы саны 800-ге жуық жас өрен қатысқан. Белсенділер автошеру кезінде қала тұрғындарына арнайы әзірленген көк түсті, ұлттық ою-өрнек бедерленген ленталарды да таратты. Осылайша, жұртты саяси додадан шет қалмауға шақырды.

Мұстафа Қожамсейіт, Қазақстан студенттер альянсының көшбасшысы:

-Өңірде жастардың үлесі 24 пайызды құрайды. Сондықтан жастардың сайлауға қатысуы негізгі көрсеткіш болмақ. Осының арқасында өзіміздің белсенді екенімізді және болашаққа зор үмітпен қарайтынымызды білдіргіміз келеді.

Loading...