Бөлтірік жаңа мекеніне аз уақыт ішінде бейімделіп үлгерген. Адамдардан қорықпай, емін-еркін жүр. Бастапқыда сүтпен қоректендірген қызметкерлер оған ет бере бастапты. Қазір кішкентай жыртқышқа тағам күніне бес рет беріледі. Далада біраз ашыққан ол енді аздап әл жинап алған. Әзірге оған ат қойылмады. Бұл үшін тіпті арнайы байқау жарияланды. Нәтижесі жақын күндері белгілі болмақ. Бір айта кетерлігі, орталықтағы қос көкжалдың бірі өліп қалған екен. Енді жаңадан қосылған бөлтірік оның орнын басуы тиіс.
Наталья Ходакова, зоолог:
-Бөлтіріктің енесі браконьерлердің қолынан өлген сияқты. Себебі ол апанында жатпаған, дала кезіп жүрген. Келесі аптадан бастап оған сүйек береміз. Себебі, есейген сайын оның тістері қатаюы керек.
Loading...