Қалалық мәслихаттың бүгін өткен кезектен тыс сессиясында депутаттар Семипалатинск атауын Семей деп өзгерту жөнінде жаппай дауыс берді. Ономастикалық комиссия да мемлекет басшысының қаланың атауын өзгерту туралы ұсынысын қолдады, сессияға қатысқан қала ақсақалдары мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері де оны мақұлдады. "Қаланың атауын өзгерту туралы құжаттарға Семей әкімінің қолы қойылып, Астанаға жолданды",- деді Н.Клименко.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті