Семсерлесу: Элмир Әлімжанов Азия чемпионы атанды

Шпага бойынша сынға түскен Әлімжанов жарыс барысында Тайпей, Гонконг, Қытай спортшыларын ұтты. Ал жартылай финалда Ким Сан Минді (Корея), финалда тағы бір кәріс Квон Йон Джунды жеңді.

Элмир осыған дейін үш мәрте Азия чемпионатының финалына шығып, жеңіліс тапқан болатын.