Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Гүлзира ханым Қайратты "мамасының баласы" деген сөзден әбден жалыққан сыңайлы. Бұл жолы ол оқырманына қатты ауыр сөздер айтты.
"Мамасының баласы, баласының жасы 35-те", деген оқырманына "Сен ешектің не иттің баласысың ба?" деп қарсы сұрақ қойды.
"Осы Қайратты отбасына жібермейтін сияқты, той, концерт деп бауырына бір-ақ қысып алған сияқты. Жеке өмірі жоқ", "Осы шешелер неге жағаласып жүреді. Дұрыс қой, ана. Бірақ, әйел, бала-шағасымен неге көбірек болмайды екен. Қайда барса шешесімен", деп продюсердің оқырмандары негатив пікірлер жазды.