@ma_dina1893 есімді желі қолданушысының «Басында сізді иманды деп ойладық. Бірақ Ақшаны көріп жолдан тайдыңыз ғой деймін» деген пікіріне әнші «Сен кімсің мені сөгетін? Мән-жайды білмей, артық сөйлеме. Ақшаны сотқа жинадық, туыстарына емес» деп жауап берді.
Дина бұл жауапқа қанағаттанбай «Сізге таң қаламын. Гауһар әпкеге неге бермей жүрсіз ақшаны? Той өткізіп алдыңыз ба сол ақшаға?» деп тағы да пікір қалдырды. Керімбекова болса, артық сөйлемеуін сұрап, жиналған ақшаның өзінде емес екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін әншілердің бірігіп қаражат жинап, Гауһар Әлімбекованы кепілмен босатып алғанын жазған болатынбыз.