Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Алмат Сақатов өз ойын желідегі парақшасында білдірді.
"Мақсат, ақын бауырым бір сүрініп еді, жалынан алып, жамбасына дейін жыртып жатырсыздар ма? Мақсат! Сен сүріндім деп ойлама! Сен кімнің жаман, кімнің жақын екенін 1-2 күннің ішінде айырып алдың, қандай жақсы!
Болашақта білесің кімнің-кім екенін. Мұқағалиды да алқаш деп, өлімге қарай, ажалға қарай итермелеген қазақпыз. Қайтесің енді, табалайды, бар ондай.
Негізі, анда-санда сүрініп тұрған жақсы. Көз тимейді, ұзағырақ өмір сүресің. Ит үреді, керуен көшеді. Құрметті, Мақсат бауырымды қарғап жатқан ақылды, зиялылар! Қарғыстарың Мақсаттың арнасына сыймай жатса, он мыңдайын маған бұрып жіберіңіздер, көтеріп алатындай дәтім бар.
Сондықтан, ел аман, жұрт тыныш болсын! Мақсат, аман бол!", - деп жазды ол.