"Сен тек сұлу емессің, сен ақылды сұлусың": Тамара Асар Ерке Есмаханды туған күнімен құттықтады


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Тамара ханым Еркені жүрекжарды тілегімен қуантты. 

“Тал бойында бір мін жоқ” дегендей, Жаратқан саған мінсіз қылып тәннің сұлулығын, өнермен өрнектеп, әнмен әуелетіп берген. Оған қоса ақылды жәй бермеген, назды,қылықты қылып берген. “Қыздың назы қырық кісіні мас қылады” дегендей сенің назыңа, сазыңа миллиондар ғашық,миллиондар оған мас. Мен де ғашықпын, мен де жақсы көрем.
Сен тек сұлу емессің, сен ақылды сұлусың. Өмірдің сан түрлі арпалыс қилы кезеңдерін әзілмен пәлсапалап, көзіңдің жасын жымиюмен жинай білетін мықты қыз екеніңді біреу білсе,біреу білмес.
Қыз қырық шырақты, шырағың сөнбесін, жарқырай бер, жайнай бер!!!
Жүрегіңнің түбіне терең бойлайтын жааааақсы қазақтың ержігіті сеніің қадіріңді түсініп, құрметіне бөлеп, сені аяулы жар етсін!!!
Мусеке баламыз елдің елеулісі болсын!!!
Туған күнің құтты болсын ЕРКЕ ҚЫЗ, ЕРКЕ ҚҰС!!!", деп жазды.