"Сен жалғыз өзің бір бағдарлама ашып алғансың": Қайрат Әділгерей мен Ерке Есмахан сөзге келіп қалды (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Маскадағы әншінің кім екенін анықтау барысында Қайрат Әділгерей мен Ерке Есмахан сөзге келіп қалды. Ерке "Үкі" маскасында әншінің кім екенін білетінін айтты.

"Мен әлі зерттеу үстіндемін, бірақ үкі іштей мен оны танып тұрғанымды біліп тұр. Осы әннен кейін одан сайын оған көзім жете түсті, бірақ оны келесі бағдарламада айтамын", - деді Ерке Есмахан.

Еркенің сөзіне ашуланған Қайрат Әділгерей былай деді:

"Бұлай болмайды. Сен жалғыз өзің бір бағдарлама ашып алғансың. Біз әртүрлі нұсқаны келтіріп отырмыз, енді сен біліп тұрып, оны айтпауың қастандық", - деді ол.

Қайрат Әділгерейдің бұл сөзін естіген Ерке Есмахан "өзі білетіндігін" жеткізді. 

"Кішкене көзім жетсін деп екі бағдарламада да осылай айтқансың. Енді айт осы жерде. Қайда барсаң, онда бар айтып барып кет", - деді Қайрат Әділгерей.