"Сен жұмыртқадан шыққан сасық мәйексің". Тағы бір оралман өздерін шеттететін қазақтарға өкпесін айтты

Желі қолданушыларының сөзіне қарағанда, бұл азаматтың аты Мұхтар. Ол осы елдегі қазақтың оралманнан не жамандық көргенін түсіне алмай отырғанын айтады, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Оралмандар сендерге бір жамандық қылды ма? Ол да қазақ қой. Өзбекстанда туылған болса да, Қытайда туылған болса да, қазақ. Ұлтын сатпаған. Дәстүрін сатпаған. Жеті атасын біледі. Есесіне сендер, осы әңгімені шығарған қазақтар, өз жеті аталарыңды білмейсіңдер ғой. Ғаламторда отырып, әңгіме қыласыңдар, бықсисыңдар, сайрайсыңдар. Одан да бастарыңды істетіп, еңбек етсеңдерші. Әке-шешелеріңнің ақшасына сенбеңдер. Әке-шешең бүгін бар, ертең жоқ. Сосын қор боласың" дейді Мұхтар.

"Сендер мал емес, одан әрмен есексіңдер!" Оралман қыз қазақтарға осылай деді

Сондай-ақ, оралман жігіт "мықты болсаң, мұндайды алаңға шығып айт" дегенге келтіреді.


"Рухың жетсе, "Оралман қазақтар Қазақстаннан кетсін" деп, алаңға шығып айта аласың ба? Айта алмайсың. Әкеңнің басына айтасың. Сені сол жерде тас боран қылып өлтіріп қояды. Өйткені сен жұмыртқадан енді шыққан мәйексің. Мәйек болғанда да, сасық мәйек болып шығасың. Осы әңгімені (оралмандар туралы - ред.) таратқан бауырларды айтамын. Оралман болса да, қазақ әрдайым қазақ. Басқа елде туылған болса да, ұлт дәстүрін сатпайды, қазақтығын біледі. Сол үшін сөйлеген кезде ойланып сөйлеңдер" дейді ол.