Сенат 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қарады

Парламентке заң жобасын ұсына отырып, экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин депутаттар тарапынан кейбір мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстардың көптеп түскенін атап өтті. Осыған байланысты министр, "үкімет бюджеттен қосымша қаражат бөлу үшін қосымша қаржы қарастыруда",-деді.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалардың жаппай ВИЧ-індетіне шалдығуына байланысты жағдайды шешуге және Қан орталығы құрылысына қосымша қаражат бөлінеді.

Осыған дейін айтылғандай, жоспар бойынша 2007 жылы республикалық бюджетке 1 трлн.982 млрд. теңге немесе ІЖӨ 16,7% түседі , шығын көлемі -2 трлн717 млрд; бюджет тапшылығы -133,1 млрд. теңге, немесе ІЖӨ 1,1% құрайды. Келесі жылы ІЖӨ 11трлн.880 млрд. теңге болады деген болжам бар, тұтыным бағасының индексі орташа есеппен алғанда бір жылға 5- 7%, теңге бағамы долларға шаққанда 116 теңге болады.

Заңнамалық процедураларға сәйкес, республикалық бюджеттің жобасы қос палатаның бірлескен отырысында екі оқылымда қаралуы тиіс. Заң жобасының алғашқы оқылымы 7 қарашада өтеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті