Бүгін Сенатқа Министрлер кабинеті толық құраммен жиналды. Әдетте тек орынбасаларын ғана жіберетін министрлердің өзі бюджет туралы заңға келгенде өте сақ. Өйткені, құжатқа ондаған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Жаңа бюджет жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев экономиканың даму жоспарын тұтасымен қамтыдық деп отыр. Әсіресе, отандық автокөлік өндірушілерді қолдауға, әлеуметтік нысандар салуға миллиардтаған қаражат қарастырылған. Үкімет тіпті әлемдік нарықта қара алтын бағасы 30 долларға дейін түсіп кетсе, тығырықтан шығатын жолдарды қарастырып қойдық дейді.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
-Ағымдағы жылдың басынан бастап мұнайға әлемдік бағаның 2 еседен аса төмендеуін және одан әрі нашарлау ықтималдығын ескере отырып, мұнайдың бір баррелінің бағасы 50,40,30 АҚШ долларына дейін жеткенде және металлға баға индексінің 5 пайызға төмендеуі кезінде Қазақстанның даму болжамын әзірледі.
Loading...