Сенат Алматыда кардиохирургиялық орталық салуға Сауд Арабиясы үкіметінің грантын тарту туралы меморандумды бекітті

Меморандумда Алматыдағы Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығының жанында кардиохирургиялық орталық салуға Сауд Арабиясы үкіметінің 5 млн. доллар көлеміндегі грантын тарту қарастырылған.

Грант қаржысы жалпы аумағы 4,5 мың шаршы метрді, алдын-ала құны 3,2 млн. долларды құрайтын аурухана ғимаратын салуға және медициналық құрал-жабдықтар мен саймандар сатып алуға жұмсалады.
Меморандумға сәйкес, жоба қайтарымсыз қаржылық көмек есебінен жүзеге асырылатындықтан инвесторлар іс-қызметінің барлық түрі мен аталмыш жобаға арналып еліміз аумағына әкелінетін барлық тауарлар әртүрлі кедендік төлемдер мен салықтан босатылады.
Ратификациялаған заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.