Сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "сенат тарапынан енгізілген түзетулермен заң жобасындағы жер телімдерін иеліктен мәжбүрлі шығаруға қосымша негіздемелерді қарастыратын нормалар нақтыланған". "Еркін экономикалық аймақтың әкімшілігіне алғашқы сатылы ақылы жер пайдалану құқығымен жер телімдерін беру (алып беру емес) өкілеттілігін беру арқылы жер телімдерін беру схемасы ұсынылған",- делінген қорытындыда.
Бұрын хабарлағанымыздай, заң жобасы арнаулы экономикалық аймақтың құқықтық режимін, сонымен қатар арнаулы экономикалық зонаға қатысушылардың құқықтарына берілетін кепілдіктерді реттейді. Заң жобасының нормаларымен арнаулы экономикалық аймақ құру, оның жұмыс істеуі және тарату тәртібі белгіленеді. Сонымен қатар, заң жобасының нормалары аталмыш заңның күшіне енгенге дейін құрылған арнаулы экономикалық аймақтарына қолданылмайды.
Сондай-ақ, депутаттар "Арнаулы экономикалық зоналар іс-қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнама актілеріне толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталмыш құжат Салық және Жер кодекстеріне түзетулер енгізеді және арнаулы экономикалық аймақтар аумағындағы жер телімдерін пайдаланудың төлемдері мен есептеулер тәртібін реттейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті