Сенат "Арнаулы экономикалық аймақтар туралы" заңға енгізілген түзетулерді қабылдады

Заңға сәйкес арнаулы экономикалық аймақтарды құру мақсаттары "жаңа технологиялардың бір немесе бірнеше саласын дамыту " деген жаңа анықтамамен толықты. Сондай-ақ, арнаулы экономикалық аймақтарды құру туралы шешімді тек жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың ғана емес, сондай-ақ, орталық атқарушы билік те қабылдай алады деген жаңа норма енгізілді. Соған сәйкес арнаулы экономикалық аймақтарды басқаруды да орталық атқарушы орган ретінде ҚР үкіметі жүзеге асырады.

Заң мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.