Сенат әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Соған сәйкес, Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекс пен "Күзет қызметі туралы" заңға өзгерістер енгізіледі.

Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекске енгізілетін өзгерістер "әскери кімді, айыру белгілерін, мемлекеттік әскерилендірілген, құқық қорғаушы және бақылаушы органдардың нышан белгілерін заңсыз пайдаланушы заңды тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастырады.

Күзет қызметі туралы заңға "республика аумағында күзет іс-қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттілігін нақтылайтын" түзетулер енгізіледі.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне жолданды.