Сенат әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнамаға өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенаттың заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, сенаттың Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске енгізген түзетулеріне сәйкес, мемлекеттік органдардың формалы киімдерінің түрлеріне жалпылама айқындайтын формулировканы нақтылау ұсынылған. Сонымен бірге, коммерциялық емес ұйымдардың күзет бөлімшелерінің әскери киімдерді, мемлекеттік органдардың арнаулы киімдері мен құралдарын арнаулы белгі және символикаларымен заңсыз киіп жүргені үшін жүктелетін жауапкершілік анықталады.

Түзетулерге сәйкес, Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекс пен "Күзет қызметі туралы" заңға өзгерістер енгізіледі.

Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекске енгізілетін өзгерістер "әскери кімді, айыру белгілерін, мемлекеттік әскерилендірілген, құқық қорғаушы және бақылаушы органдардың нышан белгілерін заңсыз пайдаланушы заңды тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастырады.

Күзет қызметі туралы заңға "республика аумағында күзет іс-қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттілігін нақтылайтын" түзетулер енгізіледі.