Сенат байларға еселеп салық салатын заңды мақұлдады


Депутаттар бұған дейін құжаттың шикілігі көп деп Үкіметке бірнеше рет кері қайтарған еді. Заң негізі хан сарайындай зәулім үйі мен қымбат көлігі бар қалталыларға тікелей қатысты. Мәселен, меншігінде құны 1 миллион доллардан асатын баспанасы бар азаматтарға салық бірнеше есеге артады. Сондай-ақ көлемі 4 литрден жоғары көлік алатындарға да енді салық еселеніп отыр. Құжатта жылдар бойы игерілмей бос жатқан жер телімдері, спирттік ішімдіктер мен темекіге де салықты көтеру көзделген. Президент қол қойса жаңа салық кодексі 1-ші қаңтардан күшіне енбек.